Таразда «Ұлы Дала өркениеті» атты мерекелік жиын өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда «Ұлы Дала өркениеті» атты мерекелік жиын өтеді

18.09.2015
Таразда «Ұлы Дала өркениеті» атты мерекелік жиын өтеді

Шараны ұйымдастырушы Тараз мемлекеттік педагогикалық институты.

Бұл туралы аталған оқу орнының Баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай өткізілетін мерекелік қойылым қазақ елінің үш мың жылдық тарихы мен қазіргі заманауи келбетін тарихи тұлғалар арқылы сахналайды.

Әр тұлға арқылы еліміздің халық болып дамыған, ұлт болып қалыптасқан тарихи кезеңдері тақырыпқа сай безендірілген жылжымалы сахнадағы қойылым, ән-күй, жыр-терме, хореография, хор секілді әр түрлі жанрлар арқылы қамтылмақ. 

Сондай-ақ, іс-шара аясында «Өнер ата дәстүр мұрасы» атты көрме ұйымдастырылады. Көрмеге ТарМПИ оқытушылары мен студенттерінің 60-тан астам қолданбалы өнер және кескіндеме жанрындағы туындылары жұртшылық назарына ұсынылмақ.

Тараз қаласы көшесімен шеру форматында өтетін концертке жалпы саны 2500-ден астам адам қатысады деп күтілуде.

Шараға «Жібек жолы» халықтық-эстарадалық оркестрі, «Көне Тараз» фольклорлық-этнографиялық, «Томирис», «Салтанат» секілді би ансамбльдерімен қоса, Жамбыл облысындағы өзге де өнер ұжымдары қатысады.

Хабарламаларға жазылу