Ұстаздар ұлттық тәрбие беруге шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұстаздар ұлттық тәрбие беруге шақырды

13.05.2016
Ұстаздар ұлттық тәрбие беруге шақырды
Таразда «Заманауи педагогика және білім: проблемалар, мүмкіндіктер және даму болашағы» атты конференция өтті.

«Ұлы дала елінің жас ұрпағы ұлттық тәрбие алып өсуі тиіс. Ұлттық құндылықты бойына сіңіруді білім беру жүйесіне енгізу уақыт талабы». Бұл туралы Тараз инновациялық гуманитарлық университетінде өткен «Заманауи педагогика және білім: проблемалар, мүмкіндіктер және даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда айтылды.

Дәстүрлі түрде жыл сайын мамыр айында ұйымдастырылатын конференцияға биыл Ресей Федерациясы, Қырғыстан, Өзбекстан, Түркия, Қытай елдерінен және республиканың барлық аймағынан педагогика ғылымының мамандары, ғалымдары қатысты.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу