27-29 мамыр күндері Алматыда Ұлы дала ойындары өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

27-29 мамыр күндері Алматыда Ұлы дала ойындары өтеді

18.05.2016
27-29 мамыр күндері Алматыда Ұлы дала ойындары өтеді

«Ұлы Дала ойындары» атты бәсекеге тек төрт команда ғана қатыспақ. Олар Астана, Алматы, Қызылорда және Орынбор қаласының командалары. Қызылорда мен Алматы қалалары және көрші Ресей иелігіндегі Орынбор қалалары әр жылдарда Қазақ елінің астанасы  болған өңірлер. Сондықтан, «Ұлы Дала ойындарына» қатысу мәртебесі сол бұрынғы бас қалалар мен қазіргі Астана қаласының  үлесіне тиді.

«Ұлы Дала ойындарына»  келген жанкүйерлер тоғыз түрлі ұлттық спорттың бәсекесін тамашалай алады. Атшабарда қашықтығы 25 шақырымға белгіленген аламан бәйге өтеді. Одан соң, төрт команда арасында көкпар додасы басталады. Сондай-ақ, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, тоғызқұмалақ, асық ату, жамбы ату сайыстары өтеді. Жиналған қауым осы «Ұлы Дала ойындарында» құсбегілік  өнердің көрсетілімдеріне де куә болмақ.

«Ұлы Дала ойындарының» өткізілетін орны Алматы қаласының орталық ипподромы.

 

ulttyqsport.kz

Хабарламаларға жазылу