Астанада домбырашылар флешмобы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада домбырашылар флешмобы өтті

01.12.2017

Астанада «Ұлы дала ұрпақтары» атты домбырашылар флешмобы өтті. Мерекелік шара биыл үшінші рет ұйымдастырылған. Елордалық оқушылар Құрманғазының «Балбырауын», Дәулеткерейдің «Тепеңкөк» күйлерін нақышына келтіріп орындады. «Мұндай бастамалар – өсіп келе жатқан жас буынға патриоттық тәрбие берудің маңызды құралы. Әрі ұлттық мұрамызға деген мақтаныш сезімін оятады», - дейді жоба ұйымдастырушылары. 

Хабарламаларға жазылу