Алматыдағы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің студенттері «Тәуелсіз елдің жастары - Ұлы дала тірегі!» атты мерекелік концерт қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің студенттері «Тәуелсіз елдің жастары - Ұлы дала тірегі!» атты мерекелік концерт қойды

06.12.2016
Алматыдағы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің студенттері Ел егемендігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің жастары - Ұлы дала тірегі!» атты мерекелік концерт қойды. Аграрлық саланың болашақ кадрлары салт-дәстүріміз бен ұлттық құндылықтарды жетік меңгергенін аңғартты. Сондай-ақ, тәлімгерлер Тәуелсіздік тарихын баяндайтын сахналық көрініс қойып, жиналғандарға рухани кеш сыйлады.

Нұрлан Асқарұлы

Хабарламаларға жазылу