2015 жылдың 16-қыркүйегінде Сочи қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы аясында өтетін «Ресейлік-қазақстандық агроөнеркәсіп кешені бағытындағы ынтымақтастығының болашағы» атты мамандандырылған көрмеге 9 облыс пен бір облыс маңызындағы қаладан 60 қазақстандық ауыл шаруашылығы кәсіпорыны қатысады.
Көрмеге сүт, ет, шұжық, көкөністер, кондитерлік өнімдер, алкогольді және алкогольдік емес сусындар мен майлар, макарон, жеміс-жидектер мен балық өнімдері, бал сияқты өзге де түрлі өнімдер қойылады.
Аталған өнімдердің басым бөлігі «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі тарапынан қаржыландырылатын кәсіпорындардың жемісі.
Сол себепті көрмеде қазақстандық агроқұрылымдарға қатысты да көптеген дүниелер болады. Сонымен қатар, холдингтің басты қызметін көрсететін құралдар да көпшіліктің назарына ұсынылады, деп хабарлайды холдингтің баспасөз қызметі.