Елбасы Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады

24.09.2014
Елбасы Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады

Елбасы Н.Назарбаев 30 қыркүйекте Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады. Бұл туралы  Ақорданың Елбасының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралардың аңдатпасында жарияланды. Хабарламада «30 қыркүйекте Атырауда Қазақстан мен Ресейдің XI өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді, оның жұмысына Президенттер Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин қатысады»,-делінген. Іс-шара «Көмірсутек саласындағы инновациялар» тақырыбында өтеді.  Форум аясында заманауи технологияларды мұнай-газ саласында қолдану, осы бағыттағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылау көзделген.

Хабарламаларға жазылу