Сочи-2014. Юлия Галышева финалға өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сочи-2014. Юлия Галышева финалға өтті

06.02.2014
Сочи-2014. Юлия Галышева финалға өтті
Сочиде өтіп жатқан Қысқы Олимпиадада могулден өткен біліктілік сайысында қазақстандық Юлия Галышева финалдық кезеңге өтті. Ол іріктеу жарысында 21,17 ұпай жинап, кезеңді алтыншы болып аяқтады. Іріктеу кезеңінде бақ сынаған тағы бір спортшымыз Дарья Рыбалова финалға өте алмады. Ол 16,24 ұпай жинап, 23-ші орынға тұрақтады. Жарыс ережесі бойынша ол финалға өту үшін ертең өтетін екінші іріктеу кезеңге қатысады.
 
Бүгінгі бәсекеде  Олимпиада чемпионы, АҚШ спортшысы Ханна Кирни топ жарды.  Оның жинаған ұпай – 23,05. Екінші және үшінші орынға канадалық спортшылар Хлоя Дуфюр-Лапуан мен Джастин Дюфур Лапуэт орналасты. Ал финалдық жарыс 8-ақпанда өтеді.

Хабарламаларға жазылу