Айдын Айымбетов: Алдағы уақытта «Қазғарышта» ғарыш қызметін дамыту жұмыстарымен айналысатын боламын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айдын Айымбетов: Алдағы уақытта «Қазғарышта» ғарыш қызметін дамыту жұмыстарымен айналысатын боламын

12.09.2015
Айдын Айымбетов: Алдағы уақытта «Қазғарышта» ғарыш қызметін дамыту жұмыстарымен айналысатын боламын

 Айдын Айымбетов әлеуметтік желідегі парақшасында осылай деп жазды.

Сондай-ақ, ғарышкер ем алу үшін Мәскеудің Королев қаласына ұшып кеткенін хабарлады.

«Елге жақын арада аман-есен оралатыныма сенемін. Астанаға келген соң «Қазғарышта» ғарыш қызметін дамыту жұмыстарымен айналысатын боламын. Ғылыми ғарыш бағдарламасының алдыма қойылған міндеттерінің барлығын толық орындап шыққанымды да атап өткім келеді

Қазақстан халқына мені қолдағандары үшін өте ризамын. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа шексіз алғысымды білдіремін», деп жазды.  

Сондай-ақ, Айдын Айымбетов өзін қону алаңынан «Қазғарыш» төрағасы Талғат Мұсабаев пен ұлы Әмірдің күтіп алғанын айтып өткен.  

Хабарламаларға жазылу