Мемлекет басшысы Айдын Айымбетовпен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Айдын Айымбетовпен телефон арқылы сөйлесті

30.08.2015
Мемлекет басшысы Айдын Айымбетовпен телефон арқылы сөйлесті

Алдағы сәрсенбі - сәтті күні сәтін салса,   Айдын Айымбетов ғарышқа сапар шегеді. Осыған орай кеше Елбасы ғарышкер-сынақшы Айдын Айымбетовпен телефон арқылы сөйлесті.

Нұрсұлтан Назарбаев әңгіме барысында Айдын Айымбетовтің алдағы ғарышқа сапары отандық ғарыш саласының одан әрі дамуына серпін беретінін және Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджін нығайтуға қызмет ететін айшықты оқиға екенін атап өтті.

Өз кезегінде ғарышкер сенім білдіргені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, ұшуға дайын екенін мәлімдеді. Соңында Қазақстан Президенті ғарышкердің Халықаралық ғарыш станциясына экспедициясы табысты болуына және оның алдына қойылған барлық міндеттің орындалуына тілектестігін білдірді.

Айбек ҚОБДАБАЙ

Хабарламаларға жазылу