Айдын Айымбетов аман-есен Жерге қонды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айдын Айымбетов аман-есен Жерге қонды

12.09.2015
Айдын Айымбетов аман-есен Жерге қонды

 «Союз ТМА-16М» кемесінің түсірілетін капсуласымен жаңа ғарыштық рекордсмен Геннадий Падалка (Ресейғарыш), қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов, сондай-ақ, Данияның алғашқы астронавты Андреас Могенсен Қазақстанда есептелген аудан маңына қонды, деп хабарлдады РИА Новости агенттігіне Ұшыруды басқару орталығынан.

«Жерге қонды! Түсірілетін аппарат Қазақстан Республикасының Қарағанды облысында Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 146 шақырым жерде қонды», - деп атап өтті агенттік сұхбаттасушысы.

«Союздің» қонуын қамтамасыз ету жөніндегі  іздеу-құтқару қызметіне 200-ге жуық әскери қызметкер, бортында арнайы жабдықтары бар 14 Ми-8 тікұшақтары, төрт Ан-12 және Ан-26 ұшақтары және 15 бірлік техника, сондай-ақ, төрт жол талғамайтын іздестіру-көшіру машиналары қатыстырылды.

Хабарламаларға жазылу