«Союз ТМА-16М» кемесінің түсірілетін капсуласымен жаңа ғарыштық рекордсмен Геннадий Падалка (Ресейғарыш), қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов, сондай-ақ, Данияның алғашқы астронавты Андреас Могенсен Қазақстанда есептелген аудан маңына қонды, деп хабарлдады РИА Новости агенттігіне Ұшыруды басқару орталығынан.
«Жерге қонды! Түсірілетін аппарат Қазақстан Республикасының Қарағанды облысында Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 146 шақырым жерде қонды», - деп атап өтті агенттік сұхбаттасушысы.
«Союздің» қонуын қамтамасыз ету жөніндегі іздеу-құтқару қызметіне 200-ге жуық әскери қызметкер, бортында арнайы жабдықтары бар 14 Ми-8 тікұшақтары, төрт Ан-12 және Ан-26 ұшақтары және 15 бірлік техника, сондай-ақ, төрт жол талғамайтын іздестіру-көшіру машиналары қатыстырылды.