Қазақстанның кей жерлерінде ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның кей жерлерінде ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы болады

12.09.2015
Қазақстанның кей жерлерінде ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы болады

Бүгін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында күн жаңбырлы болады. Ал, кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауып,  бұршақ  түсуі мүмкін.

Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с болады, кей жерлерде 25 м/с дейін күшейеді.

13, 14 қыркүйек күндері кей жерлерде солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.  

Ал, 12-14 қыркүйек аралығында Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, 13, 14 қыркүйекте Павлодар облысында, 14, 15 қыркүйекте Қарағанды облысында, 15, 16 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде  ауаның температурасы  түнде 0-5 градус жылы болады.   

Күндіз 10-15, кей жерлерде ауа температурасы  7 градус жылы болады деп күтілуде, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің ресми сайты. 

Хабарламаларға жазылу