Қазақ хандығының 550 жылдығын ҚР Қарулы Күштері де атап өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ хандығының 550 жылдығын ҚР Қарулы Күштері де атап өтуде

11.09.2015
Қазақ хандығының 550 жылдығын ҚР Қарулы Күштері де атап өтуде

Әскери бөлімдерде концерттер, театрландырылған қойылымдар, шерулер өтеді. ҚР Қарулы Күштерінде іс-шара бүгін кешке басталады.

ҚР ҚК десантшы әскери қызметшілері мен әскери полицейлер Астанадағы жаңа мұз айдыны сарайында көз тартарлық және ауқымды флешмобқа қатысады. Онда бұрын-соңды болмаған театрландырылған қойылым өткізіледі.

Одан басқа, атаулы күнге дейінгі бірнеше апта бұрын ҚР ҚК барлық гарнизондарында, ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің өңірлік қолбасшылықтарында әскери қызметшілердің жоғары патриотизмі мен Отанға деген сүйіспеншіліктерін көрсеткен патриоттық акциялар өтті.

Сондай-ақ Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Қазақстанда алғаш рет республиканың барлық мектептері мен колледждерінде «Ерлік сабақтары» өтті.

Сабақтарды 1 300 әскери қызметші, яғни, оқу жылының бірінші күнінде Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп ҚР ҚК генералдары, офицерлері және сержанттары өткізді. Оқушыларға еліміздің тарихы, атаулы күндер, Отан қорғаушысының кейпін қалыптастыру туралы әңгімелеп берді.

Хабарламаларға жазылу