Бердібек Сапарбаев: Қазақ ақыны мен палуанын құрметтеген халық (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бердібек Сапарбаев: Қазақ ақыны мен палуанын құрметтеген халық (ВИДЕО)

04.07.2015
Бердібек Сапарбаев: Қазақ ақыны мен палуанын құрметтеген халық (ВИДЕО)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев «Қазақстан Барысы»  турниріне қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

«Әрбір ұлтты танытушы - ол спорт. Спортшыларымыздың арқасында Қазақстан әлемнің түкпір-түкпіріне танылды.

Қазақ әрдайым ақыны мен палуанын құрметтеген халық. Бүгінгі өтіп жатқан V республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінің ерекшелігі көп. Себебі, биыл біз Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өткелі отырмыз.

Дала ұрпақтары, Сіздерге табыс тілеймін! Батыр бабаларымыздың әруағы қолдасын! Жеңіске жетіңіздер!», - деді Б.Сапарбаев.  

Айта кетейік, «Қазақстан Барысы» турнирін «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде. Финалдық белдесулерді сағат 16.35-те Ұлттық арна эфирінен тамашалай аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу