Оңтүстік Қазақстанда ҚР ОКҚ-нің облыстық филиалы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстанда ҚР ОКҚ-нің облыстық филиалы ашылды

09.09.2015
Оңтүстік Қазақстанда ҚР ОКҚ-нің облыстық филиалы ашылды

Ашылу салтанатына облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов қатысып, бұл орталықтың еліміздегі бас сұхбат алаңына айналатынын айтты.

«Өткен жылдан бастап, еліміздің аймақтарында қызметтің аймақтардағы филиалдары ашыла бастады. Бүгін кезек шырайлы Шымкент қаласына да жетті. Бұл өңірдің ақпараттық саласы үшін айтулы оқиға. Орталық коммуникациялар қызметінің филиалы аймақтағы мемлекеттік мекемелер жұмысының халыққа ашықтығын арттыруға және жұртшылықтың мемлекет жұмысы туралы көбірек ақпарат алуына жол ашатын бірден-бір сұхбат алаңына айналатынына сенімдімін», – деді облыс басшысы.

Аталған іс-шарада «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлікті дамыту және индустрияландыру бағдарламасының жүзеге асырылуы» тақырыбында алғашқы онлайн-брифинг ұйымдастырылды.

Баспасөз конференциясына облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев пен «Хлопкопром целлюлоза» ЖШС бас директоры Қ.Абасов қатысты. Облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев өңірдің индустриялды-инновациялық дамуы туралы айтты. Сонымен қатар, «Хлопкопром целлюлоза» ЖШС бас директоры Қ.Абасов теңге бағамының өзгеруі бүгінгі таңда экспортерлар үшін тиімді болып тұрғанын айтып өтті.

 

 

Хабарламаларға жазылу