ОҚО Сайрам ауданында жылына 23 мың тонна сабын шығаратын кәсіпорын жұмыс істеуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО Сайрам ауданында жылына 23 мың тонна сабын шығаратын кәсіпорын жұмыс істеуде

19.07.2015
ОҚО Сайрам ауданында  жылына 23 мың тонна сабын шығаратын кәсіпорын жұмыс істеуде

«Даму» қорының кепілдігі арқасында Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында кір сабын шығаратын цех ашылды.

Қуаттылығы жылына 23 тонна дайын өнім өндіретін өндірісте, айына 92 мың дана кір сабын шығарылады, деп Түркістан қаласы әкімдігінің сайты жазады.

Цех басшысы кәсіпкер Өмірбай Тәшімбетов Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Даму» қорының аймақтық филиалы арқылы субсидия алған.

Яғни, пайыздық мөлшерлеменің 7 пайызы қайтарымсыз, қалған 7 пайызын кәсіпкер өзі төлейді.

Бүгіннің өзінде кәсіпкер көтерме сатып алушылар үшін 30 келілік қорап орамасын ойлап тапқан. Сондай-ақ, Өзбекстанға сабынды жоңқа – жартылай фабрикатты экспортқа шығаруға шарт жасасқан.

 

Хабарламаларға жазылу