Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасына жаңа басшы тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасына жаңа басшы тағайындалды

01.10.2015
Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасына жаңа басшы тағайындалды

А.Мамытбеков 1969 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы география және биология пәндерінің оқытушысы, экономика және бизнес бакалавры.

Еңбек жолын 1987 жылы Шымкент облысы Түлкібас ауданының құс фабрикасының электромонтерінен бастаған.

1994-2000 жылдары Шымкент қаласы әкімдігінің дербес бөлімдерінде еңбек еткен.

2000-2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыс әкімшілігінің қоғамдық келісім және ақпарат басқармасының бас маманы, облыстық мәдениет және жастар ісі басқармасының бөлім бастығы, облыстық жастар ісі және ішкі саясат департаментінің бөлім бастығы болған.

Сондай-ақ ол облыс әкімі аппараты әлеуметтік-мәдени кешен бөлімінің бас маманы, облыстық ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары, облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы, облыс әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы қызметтерін атқарған.

Бұған қоса, «Нұр-Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы төрағасының орынбасары, облыс әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы қызметтерін атқарған.

Хабарламаларға жазылу