«Бұл жекпе-жек – Г.Головкинге қиынға соқпайтыны анық. Д.Лемьенің соққылары мықты, алайда, ол шабуылдан кейін қорғанысын ұмытып кетеді. Менің ойымша, Геннадий Головкин Давид Лемье үшін көп ойланбай, екінші немесе үшінші раундта-ақ нокаутқа жіберетініне сенімдімін. Г.Головкин – өте жақсы боксшы. Жалпы айтқанда Геннадий Головкин үшін бұл айқас еш қиындық тудырмайды», - дейді Мартин Мюррей.
Геннадий Головкин мен Давид Лемье арасындағы жекпе-жекті «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 18 қазан күні тікелей эфирде көрсетеді.