«Бәйтерек» холдингі мен қытайлық «CITIC Group» «Kazakhstan Infrastructure Fund» қорын бірігіп дамытпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бәйтерек» холдингі мен қытайлық «CITIC Group» «Kazakhstan Infrastructure Fund» қорын бірігіп дамытпақ

01.09.2015
«Бәйтерек» холдингі мен қытайлық «CITIC Group» «Kazakhstan Infrastructure Fund» қорын бірігіп дамытпақ

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында қытай серіктестерімен ынтымақтастық туралы бірнеше келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды.


Тараптар ынтымақтастығы инвестициялық жобаларды іске асыру, Қазақстанды өнеркәсіп және инновация бойынша дамыту, компаниялардың «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде Қазақстанның инфрақұрылымдық дамуына қатысуын түрлі бағыттарды қамтамасыз ету болып табылады.  

 
Атап айтқанда, сапар аясында «Бәйтерек» холдингі және «CITIC Group» Қытай мемлекеттік инвестициялық корпорациясы арасында «Kazakhstan Infrastructure Fund» қорына бірігіп қатысу және дамыту туралы келісімге қол қойылды.


Қазақстан мен Қытай басшыларының қатысуымен құжатқа «Бәйтерек» холдигінің Басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев және «CITIC Group» Директорлар кеңесінің төрағасы Чан Чженьмин қол қойды.  

Келісім шарты бойынша «Бәйтерек» холдингі 125 млн доллар,  CITIC Group компаниясы да – 125 млн доллар мөлшерінде қордың күрделі шығындарының алғашқы жарнасын төлейді. Бұдан басқа, CITIC Group өзіне қосымша 200 млн. доллардан кем емес қаражат тарту міндеттемесін алды. 


Kazakhstan Infrastructure Fund қорының басты мақсаты инфрақұрылымдық жобаларды инвестициялау. Тараптар 300 млн. доллардан кем емес қаражат Қазақстан жобаларына жұмсалады деп уағдаласты, деп хабарлайды «Бәйтерек»ұлттық басқарушы холдингінің баспасөз қызметі.  


     
 

Хабарламаларға жазылу