Бразилия рецессияға кірді, алайда бұл құлдыраудың тек басы ғана - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилия рецессияға кірді, алайда бұл құлдыраудың тек басы ғана

01.09.2015
Бразилия рецессияға кірді, алайда бұл құлдыраудың тек басы ғана

Оның үстіне Бразилияның валютасы тоқтаусыз өсуде, қор нгарығы шамамен 20 пайызға құлдыраған, ал ел Президенті Дилма Русефтің рейтингі 1992 жылғыдан ең төменгі көрсеткіш 8 пайызға жетті.  

Елдің ішкі жалпы өнім көлемі екінші тоқсанда бірінші тоқсанмен салыстырғанда,

1,9 пайызға қысқарды, қысқару осымен екінші тоқсан қатарынан жалғасып келе жатқандықтан бұл рецессия дегенді білдіреді.

Жылдық бағалау бойынша Латын Америкасының батыс жартышарындағы АҚШ-тан кейінгі екінші орындағы ең ірі экономикасы 2,6 пайызға төмендеп, соңғы жылдардағы ең төменгі көрсеткішке жетті.  

Әзірге сарапшылар оның себебін Қытайдағы жағдаймен байланыстырып отыр. Бразилия бұрын аспан асты еліне көп экспорт жасайтын. Ал, қазір Қытайда экономикасы төмендеп кетті, бұл әрине, Бразилияға да әсер етпей қоған жоқ. Сонымен қатар мамандар, экономика өсімінің кері кетуіне Petrobras компаниясымен байланысты жанжалдың, азық-түлік тауарларына деген бағаның да құлдырауы кері әсерін тигізіп отырғандығын айтады. 

Бұл туралы bin.ua агенттігі жазды.   

 

 

 

Хабарламаларға жазылу