ӘЧ-2014 қабылдайтын стадиондардың жартысы ғана Wi-Fi желісімен жабдықталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ӘЧ-2014 қабылдайтын стадиондардың жартысы ғана Wi-Fi желісімен жабдықталған

04.06.2014
ӘЧ-2014 қабылдайтын стадиондардың жартысы ғана Wi-Fi желісімен жабдықталған

Футболдан Әлем чемпионатын қабылдайтын Бразилиядағы 12 стадионның тек 6-да ғана сымсыз интернет желісі қосылған. Яғни, Wi-Fi қызметі жұмыс істейді.

Сан-Паулу, Белу-Оризонти, Форталезе, Ресифи, Куритибе және Натале стадиондарында Wi-Fi  болмайды.
 
Бразилия билігі 2G, 3G және 4G желісіндегі жүктемені азайту үшін барлық стадионға Wi-Fi орнатуды жоспарлаған еді. Алайда тек қана 6 стадион қажетті құрылғымен жабдықталған.
 
Бұл мәселе стадион жетекшілерінің интернет-қызметінің провайдерлерімен келісе алмауымен түсіндірілді.

Хабарламаларға жазылу