Газаға гуманитарлық жүк тиеген көліктер кірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Газаға гуманитарлық жүк тиеген көліктер кірді

21.10.2023

Газа секторына гуманитарлық көмек тиеген көліктердің кіруіне рұқсат берілді. Әзірге тек 20 жүк көлігі ғана өткен. Бірнеше күн бойғы кідірістен соң олар секторға Мысырмен арадағы Рафах бақылау-өткізу пункті арқылы кірді. Палестиналықтарға азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізілді. Алайда БҰҰ бұл мардымсыз деп мәлімдеді. 20 жүк көлігін өткізгеннен кейін Рафах өткелі бірден жабылды.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу