«World Nomads» ұйымы кинематографистерге арналған тревел-гранттарға өтінімдер қабылдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«World Nomads» ұйымы кинематографистерге арналған тревел-гранттарға өтінімдер қабылдайды

30.08.2015
«World Nomads» ұйымы кинематографистерге арналған тревел-гранттарға өтінімдер қабылдайды

«World Nomads» ұйымы кинематографистерге арналған тревел-гранттарға өтінімдер қабылдауда. Жұмысын жаңадан бастап жатқан документалистердің Тынық мұхиты жағалауындағы Колумбияға сапарлау мүмкіндігі бар. 

Шара 21 қараша және 3 желтоқсан аралығына жоспарланған.

Жеңімпаз 7 күн бойы тәжірибелі документалист және режиссер Брайан Рапсейдің жетекшілігімен жергілікті халықтар мен олардың мәдениетін түсіре алады. 

Кейін ел астанасы  Боготада өтетін пост-продакшн кезеңіне арналған үшкүндік тренингке қатысады. Үміткерлердің ағылшын тілін білуі міндетті. Жұмыстар 7 қыркүйекке дейін қабылданады. 

Тревел-грант - ғылыми мақсаттағы шараға арналған сапар. (конференция, съезд, мектептер, семинар).

ijnet.org

Хабарламаларға жазылу