«Moving Walls 23» деректі фотосуреттер жобасына өтініш қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Moving Walls 23» деректі фотосуреттер жобасына өтініш қабылдау басталды

21.10.2014
«Moving Walls 23» деректі фотосуреттер жобасына өтініш қабылдау басталды

«Ашық қоғам» қоры «Moving Walls 23» деректі фотосуреттер жобасы аясында ұйымдастырылған көрмеге өтінімдер қабылдайды. Деректі фотосуреттер, әлеуметтік әділеттілік немесе қор жұмыс істейтін кез келген аймақтағы адам құқығы тақырыптарына қатысты жобалар қабылданады.

Бағдарлама деректі фотосуреттердің визуальді тілін дамытатын, сонымен қатар, жаңа нем есе шығармашылық визуальді стратегияны пайдаланатын фотографтар мен суретшілердің жұмыстарын демонстрациялауға бағытталған.

Көрме 2015 жылы Нью-Йоркте өтеді. Фотосуреттерді шығару, өңдеу, көрмеге шығару және суреттерді авторға қайта жіберу шығынын қор төлейді. Сондай-ақ, авторлардың жолы шығыны, жататын орны да төленеді

Көрмеге Азия, Африка, Шығыс Еуропа, Латын Америкасы, Кариб теңізі елдері және Таяу Шығыс елдері де қатыса алады. Көрмеге қатысу үшін 5-6 жоба таңдалып алынады.

Өтінімдер 18 қарашаға дейін қабылданады.

Фото: archmartindesign.co.uk

Хабарламаларға жазылу