«Бейбіт атом энергетикасын дамытудың сара жолында». Арнайы жоба - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бейбіт атом энергетикасын дамытудың сара жолында». Арнайы жоба

29.08.2015
«Бейбіт атом энергетикасын дамытудың сара жолында». Арнайы жоба

1949 жылдың 29 тамызынан бастап ядролық сынақтар жүргізілген Семей полигоны 1991 жылы 29 тамызда жабылды. Полигонда 40 жылға созылған сынақ барысында 400-ден астам ядролық жарылыс  жасалды. Олардың 116-сы жер бетінде жүзеге асырылды. Полигон аймағындағы мыңдаған адам қатерлі ісік, жүйке ауруына шалдығып, көптеген сәби дүниеге мүгедек болып келді.

Тәуелсіздік алар тұста, 1991 жылы тамызда Президент Н.Назарбаев Семей ядролық полигонын жабу туралы тарихи Жарлыққа қол қойды. Бұл – Қазақстанның дұрыс стратегиялық таңдау жасағанын, ядролық қарудан бас тартқан ел мәртебесіне ие болғанын көрсетеді.

Қазақ елінің ядролық атомды бейбіт пайдалану саласындағы халықаралық беделінің бірі – елімізде МАГАТЭ-нің Төмен байытылған уранның банкін құру туралы келісімі. МАГАТЭ ТБУ банкін орна­лас­тыру – бұл еліміздің халық­аралық ядролық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадамы.

«Бейбіт атом энергетикасын дамытудың сара жолында» атты арнайы жобаны бүгін Ұлттық арнадан сағат 16:10-да көріңіз.

Хабарламаларға жазылу