«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқармасының 15.07.2015 жылғы отырысының № 03-05/14 хаттамасымен бекітілген «Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкерлерін аттестациялау ережесіне сәйкес 2015 жылғы 1 қыркүйек – 30 қараша аралығында қоғам қызметкерлерін аттестациялау жүргізіледі.
Аттестация өткізудің мақсаты:
- қызметкердің біліктілік құзыретін бағалау негізінде оның біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау;
- қызметкердің құқықтық мәдениетін және іскерлік қасиеттерін анықтау;
- қызметкерді оқыту және кәсіби дамыту қажеттілігін анықтау.
Аттестация екі кезеңмен өткізіледі: тестілеу және әңгімелесу.
Қоғам қызметкерлері 2015 жылғы 2 қыркүйек пен 12 қазан аралығында күн сайын (бір күнде 2 - 4 топ) тестілеуден өтеді. Тестілеу бағдарламасы ҚР бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы нормативтік құқықтық актілерін білуге арналған сұрақтарды, сондай-ақ, ҚР заңнамалық актілері және нормативтік құжаттарын, ҚР Президентінің Қазақстан халқына жылсайынғы Жолдаулары мен Ұлт жоспары - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам бойынша сұрақтарды және қызметкердің кәсіби қызметіне қатысты сұрақтарды қамтиды.
Аттестациялық комиссияның құрамына Басқарма мүшелері, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, қызметкерлердің өкілдері кіргізілген. Сондай-ақ, қоғамдық бірлестіктердің, ақпарат саласындағы уәкілетті органның өкілдері тәуелсіз сарапшы ретінде шақырылған.