Семейде төрт бөлмелі киіз үй құрастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде төрт бөлмелі киіз үй құрастырылды

25.08.2015
Семейде төрт бөлмелі киіз үй құрастырылды

Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы Көкбай орта мектебінің ұжымы Абайдың 170 жылдығы және Қазақ хандығының 550 жылдығы құрметіне төрт бөлмелі киіз үй жасап шығарды. 

Оны құрсатыруға 1 ай уақыт жұмсалған. 200 адамға лайықталған. Үш бөлмесі дастархан жайып, қонақ күтуге арналса, төртіншісіне қазақтың қолөнер бұйымдары қойылған.

 «Уығы мен терезесі темірден жасалған ақбоз үйді 20 минутта бұзып, қайта жинауға болады. Болашақта жаңаша үлгідегі киіз үй құрастыру жоспарда бар», дейді шебер Жарқын Тұрсынғалиұлы.

Ал, әлемдегі ең үлкен киіз үй Қытайдың Шыңжаң өңірінің Мори қазақ автономиялық ауданында тігілді. 2 мың адамға арналған үйдің жалпы көлемі 1175 шаршы метрді құрайды. Биіктігі - 18,5 метр.

Оны 32 адам үш айдың ішінде құрастырып шыққан. Жұмсалған қаражат шығыны шамамен 160 миллион теңге. Оюланған сырмақты тігуге 1,5 ай уақыт жұмсалған. Мұнда келген шетелдік қонақтар мен туристер алдымен осында түседі екен.

 

Хабарламаларға жазылу