Семейде «Әдеби киіз үй» акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде «Әдеби киіз үй» акциясы өтті

31.07.2014
Семейде «Әдеби киіз үй» акциясы өтті

Семей қаласында балалар мен жасөспірімдерге арналған «Әдеби киіз үй» атты акция өтті. Қалалық орталық саябақта кітапхана қызметкерлері киіз үй тігіп, балаларды кітап оқуға шақырды. Шараның мақсаты - көпшілік қоғамға кітапты насихаттап, тарату. Балалар, жеткіншектер мен жастардың жаңа ақпараттық кеңістікті еркін меңгеруіне бағдар беру.

Кітапхана қызметкерлері жас оқырмандарға қызықты кітаптар мен журналдар ұсынып, балалар караокемен ән шырқап, үстелдік ойындар ойнады. «Бұл – инновациялық жоба болды. Жазғы уақытта балалардың бос уақытын тиімді пайдалануына мүмкіндік беретін заманауи кітапханаға айналды»,-дейді ұйымдастырушылар.

Ал, кітаптар Балалар және жасөспірімдер кітапханасының кітап қорынан алынды.

Хабарламаларға жазылу