Ғалымдар планетадағы ең қауіпті жыртқышты анықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар планетадағы ең қауіпті жыртқышты анықтады

22.08.2015
Ғалымдар планетадағы ең қауіпті жыртқышты анықтады

Аңшылық қасиеті жағынан ғалымдар анықтаған жыртқыш құрғақта арыстан мен қасқырдан, теңізде акула мен косаткадан мықты болып шықты, дейді Виктория университетінің ғалымдары.

Канаданың Виктория университетінің ғалымдары планетадағы ең мықты жыртқыштардың рейтингін түзді. 

Зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша, адам планетадағы өте қауіпті әрі ең аяусыз жыртқыш  болып отыр. Ол жыртқыштық жағынан құрғақта арыстан мен қасқырдан, теңізде акула мен косаткадан мықты болып шықты. 

Ғалымдар адамның өзге теңіз жыртқыштарына қарағанда, балықты 14 есе көп аулайтынын, ал, құрғақта өзге жыртқыштардан 9 есе көп өлтіретіндігін анықтаған. 

Сондай-ақ екі мыңнан астам жердегі тіршілік иелерінің өмірін зеттеген ғалымдар планетаның табиғатына адамдардың ең көп әсер етіп жатқандығын түйсінген. 

Зерттеу жұмыстарының жетекшісі Крис Даримонттың пікірінше, адам өзінің іс-әрекеттерімен табиғаттың көптеген заңдарын бұзады. Мысалы, жыртқыштар негізінен жас, жарақат алған және ауру жануарларды шабуылдайды.

Ал, адам болса тіршілік иелерінің санын көбейтуге ең қажетті ірі жануарларды аулайды, деп жазады ria.ru агенттігі.  

Хабарламаларға жазылу