Ғалымдар ғарыштан жұмбақ сигналды анықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар ғарыштан жұмбақ сигналды анықтады

06.05.2020
Ғалымдар ғарыштан жұмбақ сигналды анықтады

Халықаралық астрономдар тобы ғарыштан өте жылдам радиожарқылдарды тіркеді. «Біреу ғаламның түкпірінен сигнал беріп тұрғандай», - дейді олар.

Радиожарқылдарды ғалымдар әлемдегі ең үлкен FAST радиотелескопы арқылы анықтаған. Бұл радиожарқылдар – бірнеше милисекундқа созылатын үлкен жарық импульстері. Әзірше ғалымдар олардың табиғатын нақты түсіндіре алмай отыр.

Мамандар бұл оқиғаны әлі де зерттей түсіп, FAST арқылы тағы бірнеше радиожарқылдарды анықтаудан үмітті.

Айта кетейік, FAST радиотелескопы Қытайдың Гуйчжоу провинциясыдағы ойпатта орналасқан. 

ukrinform.ru

Хабарламаларға жазылу