Ғалымдар әлемде сүтті ең көп ішетін елді анықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар әлемде сүтті ең көп ішетін елді анықтады

08.08.2015
Ғалымдар әлемде сүтті ең көп ішетін елді анықтады

Бостондағы (АҚШ) Тафтс университетінің өкілі Дариуш Мозафаррян (Dariush Mozafarrian) мен оның әріптестері «PLoS One» журналына 187 ел бойынша жинаған есеп жариялаған. Зерттеу қорытындысы бойынша адамдардың қандай да бір алкогольсіз сусынға тәуелді болуы тұрғылықты жеріне байланысты.

Мысалы, Швеция, Финляндия, Исландия және Скандинавияның басқа да елдерінің халқы тәулігіне 1,3-1,6 стақан сүт ішеді. Бұл әлемдегі орта көрсеткіштен екі есе көп. Сонымен қатар, жеміс-жидек шырындарын көбінесе АҚШ, Германия, Австралия сияқты дамыған әрі бай мемлекеттерде пайдаланады. Шырынды ең аз ішетіндер арасында Орталық Африка мен Қытай бар.

Ал, алкогольсіз сусындарды ішу жағынан Кариб бассейні елдері мен Мексика көш бастап тұр. Жергілікті тұрғындар басқаларға қарағанда мұндай сусындардың екі порциясын ішеді. Бұл дүниежүзілік нормадан екі есе көп.

Қытай газдалған сусындарды ең аз ішетін мемлекет.  Мозафаррян мен оның әріптестері зерттеулер әлемнің барлық медициналық қызметіне көмек көрсетіп, диеталық саясатты дұрыс құруға мүмкіндік беретінін айтады. Бұл өз кезегінде адамдарды шырын мен сүт ішіп, газдалған және басқа да тәтті сусындардан бас тартуға септігін тигізеді.

Хабарламаларға жазылу