Н.Назарбаев: Мұнай мен металл бағасының төмендеуі Қазақстанның экспорттық тауарларына сұранысты азайтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Назарбаев: Мұнай мен металл бағасының төмендеуі Қазақстанның экспорттық тауарларына сұранысты азайтты

20.08.2015
Н.Назарбаев: Мұнай мен металл бағасының төмендеуі Қазақстанның экспорттық тауарларына сұранысты азайтты

«Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры әлемдік экономиканың өсуіне байланысты болжамдарын 3,5 пайыздан 2,5 пайызға  дейін төмендетті. Біздің маңызды экспорттық потенциалымыз - мұнайдың әлемдік бағасы арзандауда.

2014 жылдың маусымында «қара алтынның» бір баррелі 115 АҚШ долларын құраса, қазіргі құны 48,5 долларға дейін төмендеді», -деді Елбасы.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы 2011 жылы басталған металл бағасының құлдырауы да Қазақстанның экспорттық тауарларына сұранысты азайтып отырған негізгі фактор екенін атап өтті.

«Металлға индекс құны 45,5 пайызға төмендеді. Осындай жағдайларға байланысты еліміздің экспорттық тауарларына сұраныс азайып отыр. Олардың ішінде негізгі сауда серіктестеріміз - Қытай мен Ресей де бар», деді Қазақстан Президенті. 

Хабарламаларға жазылу