Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық одақ келісімінің аясында бірыңғай қызмет нарығын қалыптастыру жоспарланып отыр. 2014 жылдың 23-желтоқсаны күні Кеңестің № 110 шешімімен ЕАЭО-ның бірыңғай нарығының секторларының тізімі бекітілген болатын және ол 2015 жылдың 1-қаңтарынан бастып күшіне енген. Армения Республикасы ЕАЭО-тың аталмыш бірыңғай қызмет нарығына толықтай қосылған.
Осыған қарай, дөңгелек үстел отырысында Одақтың бірыңғай қызмет нарығына қатысты мәселелер мен аталмыш нарық пен оны дамыту аясында армениялық кәсіпкерлерге арналған жаңа мүмкіндіктер сөз болады. Отырыс барысында сонымен қатар, бірыңғай нарықтың реттеу тетіктеріне қатысты мәселелер де талқыланады.
Шараға Еуразиялық экономикалық комиссия мен Арменияның Халықаралық экономикалық ықпалдастық және реформалар, Қала құрылысы, Экономика министрліктерінің өкілдері қатысады деп күтілуде.