Қазақстанның қазіргі резервтері елді қандай да болса тығырықтан алып шығуға жеткілікті-Қ.Келімбетов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның қазіргі резервтері елді қандай да болса тығырықтан алып шығуға жеткілікті-Қ.Келімбетов

20.08.2015
Қазақстанның қазіргі резервтері елді қандай да болса тығырықтан алып шығуға жеткілікті-Қ.Келімбетов

Бүгін Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов ҚР Үкіметі мен Ұлттық банктің бірлескен мәлімдемесі барысында журналистер тарапынан Иран сияқты мемлекеттер белсенділік танытып, мұнай нарығындағы «қара алтын» көлемін арттырып, соның салдарынан мұнай бағасы бүгінгіден де қатты құлдырап кеткен жағдайда қандай шараға барамыз деген сауалына жауап бере отырып, осылай деді.

Оның сөзінше, мемлекет осыдан он жыл бұрын бүгінгідей жағдайлар болуы ықтималдығын болжап, оған алдын ала дайындық жасап, осындай қор жинаған. «Бүгін соның игілігін көретін боламыз»,-деді Ұлттық банк төрағасы.

Алайда, оның сөзінше, бүгінде тек  ұлттық қордың қаржысына сеніп отыра беруге болмайды. Мемлекеттің экономикасын тығырықтан алып, шығып, оны ілгерілету үшін өзге де мүмкіндіктерді қарастыру қажет.

«Қазір біз осы  бағытта тиісті жұмыстар атқарудамыз, болашақта экономиканы түрлі тәсілдер арқылы әртараптандыра отырып, бүгінгі қиындықтары еңсеретін жол табамыз деген ойдамын. Сондықтан, сіздің алдағы уақытта бүгінгіден де қиын жағдай туындаса қайтеміз деген сауалыңыз орынды, бұл бағытта біз жұмыс істеп жатырмыз»,-деді Қ.Келімбетов.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу