22-қыркүйекте бүлдіршіндер үшін «Ақшақар» мультфильмінің тұсауы кесіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

22-қыркүйекте бүлдіршіндер үшін «Ақшақар» мультфильмінің тұсауы кесіледі

19.08.2015
22-қыркүйекте бүлдіршіндер үшін «Ақшақар»  мультфильмінің тұсауы кесіледі

24-қыркүйекте «Казмедиа орталығының» холында балдырғандарға арналып мерекелік шаралар мен көрмелер ұйымдастырылады. Осыған қарай, алдыда қонақтарды сан түрлі қызықты ойын-сауық бағдарламалары күтіп тұр.

Арнаның туған күніне орай кішкентай көрермендерге арналып, 22-қыркүйекте  «Казмедиа орталығының» үлкен залында Дисней ұсынған «Ақшақар» мультфильмінің тұсауы кесіледі.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін телеарнаның құрылған  күніне орай көрермендер арасында байқау жарияланған  болатын. Оның шарттары бойынша қазақстандық ата-аналар 25-тамызға дейін өздері құрастырған ертегілерін телеарнаға жолдаулары қажет. Ең үздік ертегі желісі бойынша телевизиялық қойылым түсіріліп, кітап шығарылады.

 

 

Хабарламаларға жазылу