«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының «Бірге таңдаймыз» атты жаңа танымдық тележурналының тұсауы кесіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының «Бірге таңдаймыз» атты жаңа танымдық тележурналының тұсауы кесіледі

15.09.2015
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының «Бірге таңдаймыз» атты жаңа танымдық тележурналының тұсауы кесіледі

21 қыркүйекте «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Бірге таңдаймыз» атты жаңа танымдық тележурналдың тұсауы кесіледі», - деп хабарлайды «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясының баспасөз қызметі.

Жаңа жоба әрбір көрермен өзіне керегін ала алатын көңілді, жеңіл әрі танымды тележурнал болмақ. Бағдарламада ас үйдегі шеберлік пен тағамдарды таңдаудан бастап, көлік жөндеу, мерекелер ұйымдастыру, жиһаз таңдау және жөндеу, үйдегі абаттандыру жұмыстары, сантехниканың қыр-сыры, аналарға кеңес, бет және дене күтімі, отбасы мүшелерімен қарым-қатынас, жасөспірім баланың тәрбиесі секілді барлық отбасы мүшелеріне арналған пайдалы кеңестер ұсынады.

Бір сөзбен айтар болсақ, аталған тележурнал ең көкейтесті тақырыптарды көтере келе, өмірдің әрбір кезеңдеріне пайдалы кеңестер береді, тұрмыста және әртүрлі жағдайларда кездесетін қызықты құпиялардың сырын ашады.

«Бірге таңдаймыз» бағдарламасының шығармашылық тобының басты миссиясы телекөрермендеріне өмірде кездесетін түрлі сұрақтарға шешім табуға, күнделікті пайдалы кеңестер беруге, сонымен қатар өз аудиториясын дамытуға бағытталған.

«Бірге таңдаймыз» тележурналын «Қазақстан» телеарнасының эфирінде 21 қыркүйектен бастап дүйсенбі-жұма аралығында 13:00-де тамашалаңыздар.

 

Хабарламаларға жазылу