«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан «Q-pop idols» реалити-шоуының тұсауы кесіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан «Q-pop idols» реалити-шоуының тұсауы кесіледі

30.03.2018
«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан «Q-pop idols» реалити-шоуының тұсауы кесіледі

31 наурыз күні «Qazaqstan» Ұлттық арнасының эфирінде «Q-pop idols» (Qazaq pop idols) реалити-шоуының тұсауы кесіледі. Музыкалық телебайқау форматындағы жобаның жетекшісі - танымал продюсер, музыкант Ерболат Беделхан.

Жаңа музыкалық бағдарламаның мақсаты – заманауи музыка арқылы жастар арасында қазақ тілін насихаттау. Реалити-шоу талабы бойынша қатысушылар вокал, би және қазіргі заманғы музыканың ерекшеліктерінен хабардар болуы керек. Атап айтқанда, жобада өлең, ән жаза алатын дарынды үміткерлер бақ сынасады.

Сонымен қатар, «Q-pop idols» жеңімпаздары «Juz’I’m» деп аталатын қыздардан құралған жаңа топтың құрамына енетін болады. Жоба кастингінде елімізден өзге, Ресей және Қытайдан 800-ден астам жас дарынды қыздар қатысты.

Жаңа реалити-шоу эфирге 31 наурыздан бастап  әр сенбі сайын 22:45-те шығады. 

Хабарламаларға жазылу