«Астана» - АПОЭЛ матчы кезінде жанкүйерлер үшін арнайы автобустар қатынайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» - АПОЭЛ матчы кезінде жанкүйерлер үшін арнайы автобустар қатынайды

15.08.2015
«Астана» - АПОЭЛ матчы кезінде жанкүйерлер үшін арнайы автобустар қатынайды

18 тамызда «Астана Арена» стадионында өтетін «Астана» - АПОЭЛ матчына көрермендерді жинау және жеткізу үшін арнайы автобустар қатынайды.  

Аталмыш қоғамдық көліктер «Қазақстан» спорт кешені, «Салтанат Сарайы», елордалық цирк, «Әзірет Сұлтан», «Нұр Астана» мешіттері және Қ.Мұнайтпасов атындағы стадион тұрағы алдында тұрады.

Одан бөлек, №10, 12, 27, 28, 30, 40, 43, 51 және 61 автобустары қатынайды.

Сонымен қатар, қоғамдық тәртіп пен футбол матчы кезіндегі қауіпсіздікті сақтау үшін ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының екі мыңға жуық сарбазы күшейтілген режимде қызмет атқарады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз  қызметі. 

Хабарламаларға жазылу