«Астана» - «Галатасарай» матчына билеттердің 80 пайызы сатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» - «Галатасарай» матчына билеттердің 80 пайызы сатылды

25.09.2015
«Астана» - «Галатасарай» матчына билеттердің 80 пайызы сатылды

Чемпиондар Лигасы аясында өтетін «Астана» - «Галатасарай» матчына билеттердің 80 пайызы сатылды.  

Айта кетейік, бес күннен кейін болатын ойынның билеттері онлайн режимде сатылуда. Матч жақындаған сайын кассаларда билет қалмауы мүмкін. Себебі әр минут сайын 6-7 билет сатылуда, деп хабарлайды «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, испаниялық «Атлетико» мен португалиялық «Бенфикамен» болатын ойындарға да билеттер алуға болады. Инернет-кассаны пайдаланып, жанкүйерлер QR-коды бар арнайы электронды билет алады. Оны кейін елорданың үш жерінде орналасқан бекетте («Мега» орталығы, «Қазақстан» спорт кешені, «Конгресс-холл») қағазға шығарып алуға болады.

Ойын 30 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 22:00-де өтеді.

Осыған қоса, жанкүйерлер үшін «Астана-Арена» стадионына апаратын арнайы автобустар жұмыс істейтін болады. Сағат 19:00-де қоғамдық көліктерге келесі мекен-жайдан отыруға болады:

1. «Қазақстан» спорт кешені;

2. Қ.Мұңайтпасов атындағы стадион;

3. «Нұр-Астана» мешіті;

4. «Салтанат сарайы».

Хабарламаларға жазылу