«Астана» - АПОЭЛ футбол матчы кезінде жол қозғалысы шектеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» - АПОЭЛ футбол матчы кезінде жол қозғалысы шектеледі

15.08.2015
«Астана» - АПОЭЛ футбол матчы кезінде жол қозғалысы шектеледі

18 тамызда, сағат 22.00-де «Астана Арена» стадионында Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі бірінші футбол матчы - «Астана» мен АПОЭЛ (Кипр) арасындағы кездесу өтеді.

Осыған байланысты, сағат 20:00-ден бастап, матч аяқталғанға дейін Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран аумағында, сондай-ақ, Керей-Жәнібек хандар мен Хусейн Бен Талал көшелерінде жол қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айналып өту маршруты - Орынбор көшесі.

Хабарламаларға жазылу