Астана - АПОЭЛ футбол матчын 30 мыңға жуық жанкүйер тамашалайтын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана - АПОЭЛ футбол матчын 30 мыңға жуық жанкүйер тамашалайтын болды

17.08.2015
Астана - АПОЭЛ футбол матчын 30 мыңға жуық жанкүйер тамашалайтын болды

Көрермендер аталмыш доданы тамыздың 18 күні сағат 22:00-де "Астана Арена" стадионында тамашалай алады.

Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Е. Чупековтың айтуынша, сағат 20:00-ден бастап матч біткенге дейінгі аралықта Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран аумағында, сондай-ақ, Керей-Жәнібек хандар мен Хусейн Бен Талал көшелерінде жол қозғалысы шектеледі. Айналып өту маршруты - Орынбор көшесі.

Аталмыш футбол матчын тамашалауға 30 мыңнан астам жанкүйер келеді деп күтілуде.

Көрермендерді жинау және жеткізу үшін Астана қаласы әкімдігі бөлген арнайы автобустар қатынайды. Атап айтқанда, аталмыш қоғамдық көліктер "Қазақстан" спорт кешені, "Салтанат Сарайы", Елордалық цирк, "Әзірет Сұлтан" және "Нұр Астана" мешіті және Қ. Мұнайтпасов атындағы стадион тұрағы алдында тұрады. Одан бөлек, №10, 12, 27, 28, 30, 40, 43, 51 және 61 автобустары қатынайды.

Сонымен қатар, қоғамдық тәртіп пен футбол матчы кезіндегі қауіпсіздікті сақтау үшін ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының 2 мыңға жуық сарбазы күшейтілген режимде өз қызметтерін атқарады.

 

Хабарламаларға жазылу