Елордада «Астана» - «Селтик» кездесуі кезінде көлік қозғалысы жартылай шектеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Астана» - «Селтик» кездесуі кезінде көлік қозғалысы жартылай шектеледі

26.07.2016
Елордада «Астана» - «Селтик» кездесуі кезінде көлік қозғалысы жартылай шектеледі

27 шілде сағат 18.00-ден 23.00-ге дейін УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші біліктілік раунды аясында «Астана» футбол клубы шотландиялық «Селтик» командасымен кездеседі. Матч кезінде Қабанбай батыр және Тұран даңғылдары Керей мен Жәнібек хандар көшесінен Хусейн бен Талал көшесіне дейін жабылады. Қала тұрғындарына Орынбор арқылы айналып өтуге кеңес береміз,-деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жанкүйерлерге ыңғайлы болуы үшін арнайы трансфер ұйымдастырылады. Автобустар «Қазақстан» СК, Астаналық цирк, Қ.Мұңайтпасов атындағы стадион, «Әзірет Сұлтан» және «Нұр Астана» мешіттерінің жанындағы (шығыс жағынан) тұрақтардан жүреді.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана» - «Селтик» кездесуін «Kazsport» телеарнасы сағат 19:30 –да тікелей эфирде көрсетеді.

 

Хабарламаларға жазылу