Елордада электр жүйелерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада электр жүйелерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде

12.08.2015
Елордада электр жүйелерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Қаланың электр жүйелерін жылыту маусымына дайындау аясында құрал-жабдықтар мен электрмен қамту жүйелерін ағымдағы және түбегейлі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

Астана қаласы Энергетика басқармасының хабарлауынша, 2015 жылдың 7 тамызындағы жағдай бойынша, түбегейлі жөндеу жұмыстары бойынша шаралардың орындалуы 76 пайызды, ағымдағы жөндеу бойынша  68,9 пайызды құраған.

Инвестициялық бағдарлама 2015 жылы бірқатар шараларды қарастырып отыр, олардың ішінде: ЭКЕАЖ (электр энергиясын коммерциялық есептеудің  автоматтандырылған жүйесі), қосымша станциялар мен тарау бекеттерінің, трансформаторлық қосымша станциялардың, 10 және 0,4 кВ  кабель желілерінің ескі құрылғыларын жаңарту; коммутациялық аппараттарды орнату. Қазіргі таңда «Астана-РЭК» АҚ инвестициялық бағдарламасы бойынша жұмыстардың 51 пайызы орындалды.

Хабарламаларға жазылу