Астанадағы Әуезов көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы Әуезов көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде

25.06.2014
Астанадағы Әуезов көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Кеше Астанадағы Әуезов көшесінің Бөгенбай батыр даңғылынан С.Сейфуллин көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды  astana.kz.
 
Себебі,  көшені қайта жаңарту жобасы бойынша ескі инженерлік жүйелерді ауыстыру, жолдарды кеңейту, қосалқы автокөлік тұрақтарын салу, жаяу жүргінші жолдарының жаңа бағдаршамын орнату, жол белгілері және басқа да жол қозғалысының техникалық реттегіш құралдарымен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. 
 
Осыған байланысты ведомство қызметкерлері көлік жүргізушілеріне жол бағыттарын алдын ала жоспарлауға кеңес береді. 
 
Жөндеу  жұмыстары кезінде жүргіншілерді ақпараттандыру үшін ескерту  және тыйым салу жол белгілері орнатылады. 
 
Ал, 10 шілдеден бастап жолдың С.Сейфуллин көшесінен Абай даңғылына дейінгі бөлігі жабылады.
 
Астана қаласының Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы барлық жөндеу жұмыстары жаздың соңына дейін аяқталады деп хабарлады.

Хабарламаларға жазылу