Елорданың жылу жүйелерін жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорданың жылу жүйелерін жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

11.08.2015
Елорданың жылу жүйелерін жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

Астана қаласы Энергетика басқармасының хабарлауынша, «Астана-Теплотранзит» АҚ  алдағы жылу маусымына дайындалу бойынша шаралар жоспарын, сонымен қатар, сынақтар мен жөндеу жұмыстарын жүргізу кестесін бекітті.

Кестеге сәйкес су жылытқыш қазандық жиегімен ең жоғары есепті температураға сынақ жүргізілді.

50 жылу магистралінің  48-іне гидравликалық сынақтар жүргізілді. Сонымен қатар, кестеге сәйкес электр және жылу механикалық құрылғыларды, павильондар мен өндірістік базаны жылу маусымына дайындау жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

2015-2016 жж. жылыту маусымына дайындық аясында жалпы ұзындығы 1 549 м.п. болатын жылу магистралін жөндеу жұмыстары, жалпы ұзындығы 551  м.п. тарату жылу жүйелерін түбегейлі жөндеу және «Энергияны сақтау» бағдарламасы бойынша жалпы ауданы 3630 м2  жылу изоляциясын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.

Бұдан бөлек, жалпы құбыр ұзындығы 10 946 м.п.тарату жылу жүйелерін жөндеу және инвестициялық бағдарлама бойынша жалпы ұзындығы 6065,8 м жылу жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.

Жөндеу бағдарламасы жылу жүйелерінің техникалық жағдайын есепке ала отырып жасалған. Бүгінгі таңда «Астана-Жылутранзит» АҚ жөндеу жұмыстары 85% орындалды.

Хабарламаларға жазылу