Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, өсім 80 пайыздан асып отыр. Тұрғын үйлер тұрғындардың өздерінің есебінен жүргізілген.
«2015 жылы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының аясында құрылыс жұмыстары жалғасын тауып, жыл соңында 4-ші дәрежелі ыңғайлылығы 32А болатын 120 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі»,- делінген Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің баспасөз мәліметтерінде.
Сондай-ақ, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы 33-ші шағын ауданда тұрғындар үшін сметалық құны 8,1 млрд теңге болатын көпқабатты, көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын бастады. Оның жалпы көлемі 54,6 мың шарша метр немесе 747 пәтер. Нысандар 2016 жылы пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар, 2015 жылдың қыркүйек айында 3-ші дәрежелі ыңғайлылығы 32А болатын 120 пәтерлі тұрғын үйде пайдалануға беру жоспарлануда.
Екінші бағыт бойынша, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы 60 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын аяқтайды. Аталмыш үйдің сметалық құны 608,4 млн теңге.