Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек құзырлы орган өкілдеріне сел жүрудің салдарынан зардап шеккен аудандардың инфрақұрылымдарын қалпына келтіру, зардап шеккендерге әлеуметтік төлемдер беру жұмыстарын ұйымдастыру бағытында бірқатар тапсырмалар берді. Бұл туралы Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығына әкімнің баспасөз қызметінен хабарланған.
Сонымен қатар, шаһар басшысы Жетісу ауданындағы өртенген үйді қалпына келтіруге қатысты мәліметтерді дайындауды тапсырды. Мұндай тапсырмаларды әкім 2015 жылдың 23-шілдесі күні Қарғалы өзенінің бойында орны алған селдің салдарымен күрес мақсатында қалалық құрылым басшыларының қатыусымен өткен мәжілісте мәлім етті. Жуырда қала басшысы селден зардап шеккен аймақтарды аралап көрмекші.
Естеріңізге сала кетейік, Бауыржан Байбек Алматы әкімі лауазымына биылғы жылдың 9-тамызы күні тағайындалған болатын. Мемлекет басшысы жаңа әкімнің алдына Алматыны одан әрі дамыту мәселесін міндет етіп қойды және Б.Байбектің қалаға қатысты қазіргі таңда қалыптасқан мәселелерді шеше алатындығына сенім білдірді.