Израиль археологтары иудей жазуларын тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль археологтары иудей жазуларын тапты

08.08.2015
Израиль археологтары  иудей жазуларын тапты

Израиль археологтары Иерусалимдегі қазба жұмыстары кезінде табылған ежелгі жазуларды еврей тіліне аударуға күш салып жатыр. Миква-хауыздың қабырғасындағы белгілерге 2000-дай жыл болуы мүмкін.

Сарапшылар   қайықтар және пальма ағаштары мен жазбалардың не байланысы барын анықтауға кірісті. Мамандардың айтуынша, бұл жазулар қандай да бір діни мағына беруі ықтимал.

Жазулар балабақша салынатын орынды анықтау кезінде табылған. Алғашқыда  зерттеушілер, қабырғалардан иудей жазуларына ұқсас арамей әріптерін және сылақтың астына жазылған белгілерді байқаған.

Хабарламаларға жазылу