Бүгін – «Жүрегім сізге аманат» телехикаясы басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – «Жүрегім сізге аманат» телехикаясы басталады

05.08.2015
Бүгін – «Жүрегім сізге аманат» телехикаясы басталады

Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «Жүрегім сізге аманат» телехикаясы көрерменге жол тартады.

Телехикая сюжеті бойынша, қарапайым тұрмыс кешіп жүрген әпкелі-сіңлілі Майя мен Кристина Сан-Николас қаласында гид болып жұмыс істейді.  Ақша жетіспеген соң Мая отбасын таршылықтан құтқармақ болып шетелге жұмыс істеуге аттанады.

Бойжеткен өзін жұмысқа шақырған әйелдің алдап соққанын Манилаға келген соң бірақ біледі. Жат қалада ақшасыз, үйсіз қалған қыздың ендігі үміті – әуежол қызметіне ықпалы бар Ричард атты бай.

Ол қыздың көңілін қайтармай көмектесетінін, бірақ, бала күтуші болып жұмыс істеуіне тура келетінін айтады. Әйелі қайтыс болған соң үш баласымен қалған Ричардтың үйі құлазып қалғандай еді. Мейірімді қыздың бұл үйге келуі оларға қуаныш сыйлады.

Бірінші маусымы 100 бөлімнен  тұратын телетуындыда басты рөлдерде  Джоди Мария, Ричард Яп, Джером Понс, Джанель Сальвадор, Мутия Оркия ойнайды.

Телетуындыны Ұлттық арнадан дүйсенбі-жұма аралығында сағат 22:40-та көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу